Accessibility links

Каир түбінде екі полиция өкілі оққа ұшқан


Каирде туристер автобусы жанында тұрған полиция өкілдері. 7 қаңтар 2016 жыл.
Каирде туристер автобусы жанында тұрған полиция өкілдері. 7 қаңтар 2016 жыл.

Египет астанасы Каир қаласы маңында полиция полковнигі мен қатардағы қызметкер оққа ұшқан. Ішкі істер министрлігінің ақпаратында қаңтардың 8-і күні Каирдің оңтүстігіндегі елдімекендегі қызмет орнына кетіп бара жатқан полковник отырған көлікке белгісіз біреулер оқ жаудырғаны айтылады. Полковник пен көлікті жүргізіп келе жатқан қатардағы қызметкер қаза тапқан.

Кеше Египеттің Хургада курортты қаласындағы Bella Vista қонақ үйіне пышақпен қаруланған екі адам шабуылдап, шетелдік үш турист – Австрия мен Швеция азаматтары зардап шеккен. Полиция шабуылдағандардың бірін атып өлтіріп, екіншісі жаралы күйде қолға түскен. Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ.

Оған дейін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бейсенбіде Каирдегі «Үш пирамида» қонақ үйінен шығып, автобусқа мініп жатқан израильдік туристерге оқ жаудырған өз адамдары екенін мәлімдеген. Ол шабуылда ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG