Accessibility links

Египеттегі екі полицейдің қазасын ИМ мойнына алды


Хургада қаласындағы Bella Vista қонақ үйі алдында тұрған адамдар. Египет, 8 қаңтар 2016 жыл.
Хургада қаласындағы Bella Vista қонақ үйі алдында тұрған адамдар. Египет, 8 қаңтар 2016 жыл.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы сенбі күні Египет астанасы маңында полицияның екі қызметкерін атып өлтірген қылмысты мойнына алды.

Бұған дейін қаңтардың 9-сы күні Каир түбінде полиция полковнигі мен қатардағы қызметкер мінген автокөлікке белгісіз біреулер оқ жаудырып, көліктегі екеудің қаза тапқаны хабарланған еді.

Жұма күні Египеттің Хургада курортты қаласындағы Bella Vista қонақ үйіне пышақпен қаруланған екі адам шабуылдап, шетелдік үш турист – Австрия мен Швеция азаматтары зардап шеккен. Полиция шабуылдағандардың бірін атып өлтіріп, екіншісі жаралы күйде қолға түскен. Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ.

Оған дейін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бейсенбіде Каирдегі «Үш пирамида» қонақ үйінен шығып, автобусқа мініп жатқан израильдік туристерге оқ жаудырған өз адамдары екенін мәлімдеген еді. Ол шабуылда ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG