Accessibility links

Польшада қоғамдық БАҚ-ты қорғау шерулері өтті


Қоғамдық БАҚ-тарды қорғау шеруіне қатысушылар. Варшава, Польша, 9 қаңтар 2016 жыл.

Қоғамдық БАҚ-тарды қорғау шеруіне қатысушылар. Варшава, Польша, 9 қаңтар 2016 жыл.

Сенбі күні Польшаның 20 қаласында қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарын қорғау шерулері өтті. Оны ұйымдастырған Польшаның демократияны қорғау комитеті елдегі бұқаралық ақпарат құралдарына биліктегі партияның уысындағы мемлекеттік баспасөз құралына айналу қаупі төніп тұр деп санайды.

Варшавада Польша қоғамдық телеарнасы (TVP) ғимараты алдына жиналған мыңдаған шерушінің: «Демократияны қорғайық!», «Еркін БАҚ – еркін Польша!» деп ұрандатқанын хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі.

«БАҚ демократияны қорғауда аса маңызға ие. Егер журналистердің қырағы назары болмаса биліктің не істеп жатқанынан халық бейхабар қалады» деген демократияны қорғау комитеті жетекшісі Мацей Киевский.

Жаңа заң бойынша осы аптада Польша қоғамдық телеарнасы басшысы болып тағайындалған Яцек Курский жұма күні «бұл қызметті үлкен құрмет және қоғамдық телеарнаға адал ақпарат стандарттарын қайтаруды жүктейтін міндет» деп қабылдайтынын мәлімдеген.

Коммунистік билік кезінде оппозиция белсендісі болған Курский Польша демократиялық жолға түскен соң TVP телеарнасында еңбек еткен. Соңғы жылдары ол Польша ұлттық Сеймі депутаты, кейін Еуропа парламентінің мүшесі болған.

XS
SM
MD
LG