Accessibility links

Египет соты Мүбәрактың шағымын қанағаттандырмады


Египет экс-президенті Хосни Мүбәрак (сол жақта) сотта отыр. Каир, 9 мамыр 2015 жыл.

Египет экс-президенті Хосни Мүбәрак (сол жақта) сотта отыр. Каир, 9 мамыр 2015 жыл.

Египет апелляциялық соты елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрактың өзіне шығарылған сот үкімінің әділетсіздігі туралы берген шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

2015 жылы мамырда Каир соты Хосни Мүбәракты 14 миллион доллар ақшаны иемденіп кеткені үшін айыпты деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырған. Сонымен бірге сот осы айып бойынша Мүбәрактың ұлдары Алаа мен Гамалға төрт жыл түрме жазасын кескен. Үкімге сәйкес, үшеуі де ұрланған ақшаны мемлекетке толық көлемде қайтаруға міндетті.

Ал прокуратура Хосни Мүбәракқа таққан бұдан әлдеқайда ауыр айып бойынша сот ісі жеке қаралған. Египет экс-президенті үкіметке қарсы шеруді басу үшін әскерге оқ атуға бұйрық берген деп айыпталған. 2013 жылы қаңтарда кассациялық сот Мүбәрактың апелляциялық шағымын қабылдап, бұл іс бойынша қайтадан сот тергеуін жүргізу туралы қаулы шығарған.

Египетті 1981 жылдан басқарған Хосни Мүбәрак 2011 жылы ақпанда халық толқуы нәтижесінде биліктен кетуге мәжбүр болған еді.

XS
SM
MD
LG