Accessibility links

Оңтүстік Осетия бас прокуроры көлік қағып мерт болды


Оңтүстік Осетиян бас прокуроры Мераб Чигоев.

Оңтүстік Осетиян бас прокуроры Мераб Чигоев.

Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияның бас прокуроры Мераб Чигоевты сенбі күні Цхинвал қаласы орталығында автокөлік қағып өлтірген.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 65 жастағы Чигоев жол жиегінде тұрған автокөлігіне жақындаған сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан көлік оны қағып кетіп, оқиға орнынан із жасырған. Кейін ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі оқиғаға күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілген Чигоев жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Полицияның дерегі бойынша, Чигоев республиканың бұрынғы вице-премьері Алла Джиоеваның ұлының тойынан шыққан кезде қайғылы оқиғаға ұшыраған.

Мераб Чигоев 2012 жылдан бері Оңтүстік Осетияның бас прокуроры болып қызмет істеген.

XS
SM
MD
LG