Accessibility links

Париждегі шабуылға күдікті Германияда босқындар лагерінде тұрған


Белгісіз ер адам шабуылдамақ болған полиция бөлімшесі алдында тұрған қарулы әскерилер. Париж, 7 қаңтар 2016 жыл.

Белгісіз ер адам шабуылдамақ болған полиция бөлімшесі алдында тұрған қарулы әскерилер. Париж, 7 қаңтар 2016 жыл.

Парижде бейсенбі күні полиция бөлімшесіне шабуыл кезінде атып өлтірілген ер адам бұған дейін Германияның батысындағы Реклингхаузен қаласындағы босқындар лагерінде тұрған. Бұл туралы Германия полициясына сілтеме жасап France Presse агенттігі хабарлады.

Ол тұрған лагерьде жүргізілген тексеру барысында күдікті ештеңе табылмаған.

Жұма күні Париж прокуроры Франсуа Моленс полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған адамның әуелгіде хабарланғандай Марокконың емес, Тунистің тумасы екенін мәлімдеген. Оның алдында француз полициясы ол адамды 2013 жылы ұрлыққа қатысты күдікпен ұсталған Салах Али есімді Марокко тумасы деп хабарлаған еді.

Парижде қаңтардың 7-сі күні президент Франсуа Олланд радикал исламшылдардың Charlie Hebdo сатиралық журналына жасаған шабуылға тура бір жыл толуына байланысты полиция қызметкерлері алдында сөйлеген соң іле-шала, Париждегі полиция бөлімшелерінің біріне шабуыл жасалған.

Биліктің ақпараты бойынша, полиция бөлімшесіне «Аллаһу акбар» деп айғайлап келген адамның пышағы мен жанкешті белдігіне ұқсас заты болған. Оны атып өлтірген полиция күдікті заттың жанкешті белдігіне ұқсас етіп жасалған жай нәрсе екенін хабарлады. Париждің әртүрлі ұлт өкілдері тұратын ауданында болған оқиғадан күдіктіден басқа ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG