Accessibility links

Кишиневте асханадағы жарылыстан адамдар зардап шеккен


Өрт сөндіруге арналған арнайы техника. (Көрнекі сурет.)

Өрт сөндіруге арналған арнайы техника. (Көрнекі сурет.)

Молдова астанасында сенбі күні қоғамдық тамақтандару орнында болған жарылыс салдарынан адамдар зардап шеккен. Молдова ішкі істер министрлігі Кишиневтегі орталық базар маңайындағы дәмхананың қосалқы бөлмесінде, алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған деп хабарлады.

«Жарылыс салдарынан жараланған жиырмаға жуық адам ауруханаға жеткізілген, төртеуінің жағдайы – ауыр» деп мәлімдеген Молдова ішкі істер министрлігі өкілі.

Зардап шеккендер арасында балалар бар деп хабарланды.

Қазір полиция жарылыстың себептерін анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG