Accessibility links

БҚО-да боранда далада қалғандар құтқарылған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында мал іздеп шығып, қатты боранда далада қалып қойған бес адамды арада бір тәулік өткенде құтқарушылар тобы іздеп тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

Қаңтардың 8-і күні Қаратөбе ауданы Сұлукөл ауылдық округіне қарасты Төлен ауылынан алты ер адам «УАЗ» автокөлігі және трактормен далаға мал іздеуге шыққан. Бірақ ауылға жетпей олар мінген көліктің жанармайы таусылып қалған. Облыста сол күні басталған қатты боран тәуліктен аса уақытқа жалғасқан. Әлгі адамдардың бірі ауылға жетіп, өзгелердің далада қалып қойғаны туралы билік орындарына хабар берген.

Боранда қалғандарды іздеуге шыққан облыстық төтенше жағдайлар басқармасының жедел-құтқару тобы оларды сенбі күні түстен кейін Төлен ауылынан жеті шақырымдай жерден тапқан. «Олардың жағдайы қанағаттанарлық» деп хабарлайды облыстық төтенше қызмет.

Былтыр желтоқсанның соңында Батыс Қазақстан облысында бір адам боранда далада адасып кетіп, үсіп өлген еді.

XS
SM
MD
LG