Accessibility links

АҚШ-тың В-52 ұшағы Оңтүстік Корея әуесімен өтті


Оңтүстік Корея жағалауына жақын теңізде жүрген АҚШ-тың әскери ұшақ тасығыш кемесі. Қазан, 2015 жыл.
Оңтүстік Корея жағалауына жақын теңізде жүрген АҚШ-тың әскери ұшақ тасығыш кемесі. Қазан, 2015 жыл.

АҚШ қарулы күштерінің В-52 стратегиялық бомбалаушы ұшағы Оңтүстік Корея территориясының бір бөлігінің үстімен ұшып өтті. Бұл туралы америкалық әскерилерге сілтеме жасап бүгін The Wall Street Journal басылымы жазды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Солтүстік Корея билігі сутегі бомбасы сынағын сәтті өткізгенін жариялаған еді.

Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін ел лидері Ким Чен Ынның ядролық сынақ Пхеньянның өзін-өзі қорғауды қамтамасыз ету, аймақты «АҚШ бастаған империалистер төндіретін ядролық соғыс қаупінен» қорғау жолындағы кезекті қадамы деп айтқанын хабарлады. Ким Чен Ын бұл мәлімдемесін Солтүстік Корея армиясы басшылығымен кездесуде жасаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама өз елі Оңтүстік Корея мен Жапонияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндеттемесіне адал екенін мәлімдеген еді. Ол бұл туралы Солтүстік Корея 6 қаңтарда сутегі бомбасы сынағын сәтті өткізгені туралы жариялағаннан кейін айтқан.

XS
SM
MD
LG