Accessibility links

Қырғызстан: Ошта сот сарапшыларына іс қозғалды


Бішкек көшесінде жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Бішкек көшесінде жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Қара-Суу аудандық полициясы Ош облыстық сот-медициналық сараптама орталығы қызметкерлерінің үстінен «жалған құжат жасаған» деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне тергеуші Асқар Мурзалиев хабарлады. Оның айтуынша, қылмыстық істі қозғауға осыдан бір жыл бұрын автокөлік апатынан қаза болған адамдардың сүйектерін қайта тексергенде анықталған жаңа жайттар себеп болған. Тергеу барысында апатқа қатысты сот сарапшылары жасаған қорытындының шындыққа сай еместігі анықталды дейді Мурзалиев.

2014 жылы желтоқсанның 30-ы күні 20 жастағы Ақжолбек Арыстанбеков пен 21 жастағы Болотбек Мұратәли-уулу отырған «Тойота-Раум» маркалы автомобиль жол ортасында тұрған жүк көлігімен соқтығысып, екеуі де опат болған. Олардың туыстары ешкімге кінә артпайтындары туралы қолхат жазып берген. Бірақ, марқұмдарды жерлегеннен кейін үш ай өткен соң, Ресейден оралған Ақжолбек Арыстанбековтың анасы бас прокуратурадан бұл іс бойынша тергеу жүргізуді талап еткен.

Биыл 6 қаңтарда марқұмдардың сүйектеріне эксгумация жасалғаннан кейін, сот сарапшыларының үстінен қылмыстық кодекстің «Жалған құжат жасау» және «Қызмет бабын теріс пайдалану» баптары бойынша іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG