Accessibility links

Египетте жаңа парламент жұмысын бастады


Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сисси (оң жақта) парламент сайлауына дауыс беріп тұр. Каир, 22 қараша 2015 жыл.

Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сисси (оң жақта) парламент сайлауына дауыс беріп тұр. Каир, 22 қараша 2015 жыл.

Египетте бүгін жаңадан сайланған парламент алғашқы отырысына жиналды. Бұған дейін исламшылар басым болған бұрынғы парламент осыдан үш жыл бұрын сот шешімімен таратылған.

Жаңа парламенттегі 596 депутаттың көпшілігі 2013 жылы шілде айында «Мұсылман бауырлар» қозғалысының өкілі президент Мохаммед Мурсиді биліктен кетірген әскерилер жетекшісі, ал қазірде Египет президенті болып отырған Абдел Фаттах әл-Сисиді жақтайтындар.

Былтыр өткен сайлау нәтижесі бойынша жасақталған жаңа парламенттің 28 мүшесі президент әл-Сисидің тікелей нұсқауымен депутат болып тағайындалған.

Алғашқы отырысында парламент спикерді сайлайды деп жоспарланған. Одан соң депутаттар әл-Сиси мен Мурси биліктен тайдырылғаннан кейін уақытша мемлекет басшысы болған Адли Мансур шығарған 300-ге жуық жарлықты заңдастыруы тиіс.

XS
SM
MD
LG