Accessibility links

Йеменде "Шекарасыз дәрігерлер" ауруханасы бомбаланды


Йеменнің Саада провинциясындағы соғыстан қираған ғимараттар мен өртенген көліктер.

Йеменнің Саада провинциясындағы соғыстан қираған ғимараттар мен өртенген көліктер.

"Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымының мәлімдеуінше, Йеменннің солтүстігіндегі Саада провинциясындағы ауруханасына зымыран түсіп, үш адам мерт болған, 10 адам жараланған. Ұйым зымыранды кім атқанын нақтыламады.

Саада - шиит хусит көтерілісшілерінің бақылауында қалған аймақ. Сауд Арабиясы басқаратын шетелдік коалиция хуситтердің позицияларына 2015 жылдың көктемінен бері соққы беріп жатыр. Қазан айында "Шекарасыз дәрігерлер" коалицияның әскери-әуе күштерін "Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таез қаласындағы аурухананы бомбалады" деп айыптаған. Аурухана қатты бүлініп, тоғыз адам, оның ішінде ұйымның екі қызметкері зардап шеккен. Коалиция ол кезде бұл оқиғаны тексеретінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG