Accessibility links

Араб елдері лигасы: Иран аймақ ісіне килігіп отыр


Тегерандағы Сауд Арабиясы билігінің шииттердің діни тұлғасы Нимр әл-Нимрге өлім жазасын орындауына байланысты наразылық акциялары. 8 қаңтар 2016 жыл.

Тегерандағы Сауд Арабиясы билігінің шииттердің діни тұлғасы Нимр әл-Нимрге өлім жазасын орындауына байланысты наразылық акциялары. 8 қаңтар 2016 жыл.

Араб лигасы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Иранды "аймақтағы іске килікті" деп айыптады. Каирде өткен кездесуде лигаға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Тегеранды Сауд Арабиясы дипломатиялық өкілдігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай, халықаралық келісімді бұзды деп айыптаған мәлімдеме таратты. Мәлімдемеге тек Ливан ғана қарсылық білдірді. Ливанда шииттер сүнниттерден кейінгі екінші ірі топ және бұл елде Иран қолдайтын "Хезболла" ұйымы әрекет етеді. Мәлімдемеде Иранға қатысты қандай да бір жазалау шараларын қолдану айтылмаған.

Екі елдің өзара қатынасы қаңтардың 2-сі күні Сауд Арабиясы елдегі шииттердің діни тұлғасы, терроризм айыбымен өлім жазасына кесілген шейх Нимр әл-Нимрге үкімді орындағаннан кейін ушығып кеткен еді. Әл-Нимрдің қазасына наразылар Иранның Тегеран және Мешхед қалаларындағы Сауд Арабиясы дипломатиялық өкілдіктеріне шабуылдаған соң, Эр-Рияд Тегеранмен дипломатиялық қатынасын үзетінін мәлімдеген. Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф Эр-Риядты шиеленісті Сириядағы бейбіт келісімге кедергі келтіруге пайдаланып қалғысы келеді деп айыптаған. Ол өткен аптада Сауд Арабиясының үстінен БҰҰ-ға шағымданып, Эр-Риядты барша мұсылман шииттерге қарсы өшпенділікті тұтатып отыр деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG