Accessibility links

Түркияда сириялық журналистің өліміне күдіктілер ұсталды


Түркияда қастандықтан мерт болған сириялық журналист Наджи Джерф.

Түркияда қастандықтан мерт болған сириялық журналист Наджи Джерф.

Түркия билігі елдің оңтүстігінде сириялық журналист Наджи Джерфтің өліміне күдікті үш адамды тұтқындады.

Оппозициялық Hinta журналының редакторы Наджи Джерфті 27 желтоқсан күні Газиантеп қаласында белгісіз біреулер атып кеткен еді. Джерф - соңғы айларда Түркияда қастандықтан мерт болған сириялық үшінші журналист.

Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция бір күдіктіні және оған қастандық жасауға жәрдемдесті деген екі адамды тұтқындаған. 9 қаңтарда сот оларды сотқа дейін қамауға шешім шығарған. Күдіктілердің аты-жөні айтылмайды.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы Наджи Джерфке "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қылмыстары туралы деректі фильм түсіргеннен соң доқ көрсеткен ескертулер жасалғанын айтады.

"Ислам мемлекеті" ұйымы қазан айында өзге екі сириялық журналистің өліміне жауапкершілікті мойнына алған.

XS
SM
MD
LG