Accessibility links

Түркия қазақстандықтардан виза талап етпейді


Шенген визасы. (Көрнекті сурет).
Шенген визасы. (Көрнекті сурет).

Түркия сыртқы істер министрлігі 89 мемлекеттің (арасында Қазақстан да бар) азаматтарына елге визамен кіру тәртібін енгізетінін жоққа шығарды.

Бұған дейін түркиялық ақпарат құралдары Анкараның 1 маусымнан бастап 89 ел (оның ішінде Қазақстан да бар) азаматтарына визамен кіру режимін енгізетінін хабарлаған.

Түркия Еуропа Одағымен (ЕО) Шенген визасын жасату талабын жою туралы келіссөзді жалғастырып жатқанын айтады. Анкара "виза саясатын ЕО-ның үшінші елдерге қолданатын виза ережесімен сәйкестендіру - Түркия ЕО-ға толық мүше болғаннан кейін атқаратын міндет" дейді.

XS
SM
MD
LG