Accessibility links

Қазақстан футбол құрамасы Әзербайжанмен кездеседі


Футболдан Қазақстан құрамасы.
Футболдан Қазақстан құрамасы.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Әзербайжан футбол қауымдастығы екі елдің ұлттық құрамалары арасында жолдастық матч өткізу жөнінде келісім жасасты. Матч 26 наурызда Түркияның Анталия қаласында өтеді.

Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде төрт рет кездескен және үш рет жолдастық кездесу өткізген.

Екі матчта Қазақстан, екі матчта Әзербайжан жеңген және үш ойын тең аяқталған.

Қазақстан құрамасында қазіргі уақытта бас бапкер жоқ. Құраманы жаттықтырған ресейлік Юрий Красножан 2015 жылдың соңында қызметінен кеткен. ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов бұдан бұрын Қазақстан құрамасының жаңа бапкері қаңтардың соңына дейін тағайындалатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG