Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаевтың айыбын өзгертпеді


Ермек Нарымбаев (сол жақта) пен Серікжан Мәмбеталин сотта тұр. Алматы, 11 қаңтар 2015 жыл.

Ермек Нарымбаев (сол жақта) пен Серікжан Мәмбеталин сотта тұр. Алматы, 11 қаңтар 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы, азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың ісін қарап жатқан Марал Жарылғасова бүгін сот отырысында берілген бірнеше өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Сот Мәмбеталин мен Нарымбаевтың қылмыстық ісін Мұрат Телібеков және Александр Ляховтың ісімен біріктіруден бас тартты. Судья өтініш Телібеков пен Ляховке қатысты іс тергеліп жатқандықтан және ол әлі сотқа түспеуіне байланысты орындалмайтынын айтты.

Судья бұған қоса белсенділерге тағылған айыпты 174-баптың 2 тармағынан 1-тармағына ауыстыру туралы өтінішті де орындамады. Белсенділер сотта куәгер ретінде жауап берген тергеуші Алексей Чапурин тергеу кезінде өздерінің "алауыздық тудыру" әрекетін "алдын ала сөз байласу арқылы" жасағанын дәлелдей алмағанын айтты деген.

Ал сотқа айыптау актісіне қол қойған прокурор Андрей Азбельді шақырту туралы өтініш ашық күйінде қалды. Сотталушылар бүгін сотта прокурор Азбель айыптау актісіне "заңға қайшы келе отырып" қол қойған деген пікір айтқан. Айыптауда Мәмбеталин мен Нарымбаев "алауыздық тудыру" әрекетін "алдын ала сөз байласып" айтылған.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев былтыр қазан айында қамауға алынған. Оларға Facebook желісінде «Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының жетекшісі» Мұрат Телібеков жазды деп сипатталатын жарияланбаған "Ветер с улицы" кітабынан үзінді келтірді деген айып тағылған. Ресми айыптауға қарағанда, «үзінді мәтіні ұлтаралық араздық тудыруға себеп болуы мүмкін». Белсенділер айыпты мойындамайды. Олар үзіндіні Александр Ляховтың сайтынан көшіріп алғандарын айтады. Бірақ сотқа шақыртылған Ляхов кітап мәтіні мен оның даулы үзіндісін сайттан Мәмбеталин мен Нарымбаевтың жазбасынан бұрын өшіріп тастағанын айтып, сайттан көшіру мүмкіндігін жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG