Accessibility links

Air Astana: Ұшақтың төтенше қону оқиғасы тексеріліп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі қаңтардың 10-ы күні ұшағының Атырауға төтеннен қонуына байланысты ұшу туралы ақпараттың зерттеліп жатқанын хабарлады.

«Қазір инженерлік қызмет ұшу туралы ақпаратты талдап жатыр, оның нәтижесі бойынша ұшақты тексеру жұмысы жалғасады» делінген баспасөз қызметінің Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында.

Жексенбі күні Air Astana компаниясының Мәскеу-Алматы бағытындағы КС872 рейсі «техникалық себептерге байланысты» Атырауға қонуға мәжбүр болған еді. Компания ақпараты бойынша, әуеде салонда қысымды автоматты бақылау жүйесінің бұзылғаны жөнінде белгі беретін «Cabin altitude» сигнализациясы қосылған. Сондықтан экипаж төмендеп, Атырау әуежайына қонуды жөн көрген.

«Ұшақ төмендеп бара жатқанда салонда автоматты түрде оттегі маскілері шыққан. Ұшақ Атырау әуежайына ойдағыдай қонды. 95 жолаушы сол күні жергілікті уақытпен сағат 20.20 шамасында қосымша рейспен және қалған 24 жолаушы КС886 тұрақты рейсімен (Алматыға) жөнелтілді» делінген жауапта.

Бұған дейін ұшақта болған кейбір жолаушылар әлеуметтік желіде салонда көзге көрінетіндей түтіннің болғанын да жазған еді. Алайда компания мұны жоққа шығарған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG