Accessibility links

Сирия: Мадая қаласына азық-түлік бүгін жеткізіледі


Мадая қаласындағы аштықтан қалжыраған бала. Сирия, 5 қаңтар 2016 жыл.

Мадая қаласындағы аштықтан қалжыраған бала. Сирия, 5 қаңтар 2016 жыл.

Сирияның тұрғындары аштықтан өлуге шақ тұрған Мадая қаласына гуманитарлық көмек жіберіледі деп деп хабарлады гуманитарлық ұйымдар.

Көтерілісшілер бақылауындағы Мадая қаласына азық-түлік 10 қаңтарда жөнелтілуі тиіс болғанымен, бөгеліп қалған.

Сириядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті азық-түлік Мадая мен елдің солтүстігіндегі көтерілісшілер бақылауындағы Фуа және Кефрая қалаларына 11 қаңтарда апарылатынын хабарлады.

Ливанмен шекараға жақын Мадая қаласында 40 мыңға тарта адам тұрады. Кейбір мәліметтер бойынша, қала тұрғындары аштықтан аман қалу үшін үй хайуанаттары мен шөптерді талғажау ете бастаған.

"Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы Мадая қаласына азық-түлік бір рет қана емес, тұрақты түрде жеткізіліп тұруы тиіс дейді. Ұйым 10 қаңтарда қала тұрғындары аштық пен дәрі-дәрмек тапшылығынан зардап шегіп жатыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG