Accessibility links

Аргентиналық футболшы Месси "Алтын допты" алды


FIFA 2015 жылдың үздік футболшысы деп жариялаған Лионель Месси.

FIFA 2015 жылдың үздік футболшысы деп жариялаған Лионель Месси.

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) шешімімен 2015 жылдың үздік футболшысы ретінде "Алтын допты" "Барселона" және Аргентина құрамасының ойыншысы Леонель Месси алды. Месси - осымен бесінші мәрте "Алтын допты" иеленген футболшы.

"Алтын допқа" Мессиден бөлек Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" командасының ойыншысы Криштиану Роналду және Бразилия құрамасы мен "Барселона" ойыншысы Неймар үміткер болған.

2014 жылы "Алтын допты" Роналду алған. Ал Месси екінші орынды иеленген еді.

"Жылдың үздік бапкері" болып испаниялық "Барселона" командасының жаттықтырушысы Луис Энрике танылды. Ол жаттықтырған клуб былтырғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.

"Алтын доп" - жыл сайын жылдың үздік футболшысына FIFA тағайындайтын арнайы сыйлық. Жыл үздігін FIFA-ға мүше барлық ел құрамаларының бас бапкерлері мен капитандары дауыс беру арқылы анықтайды.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG