Accessibility links

Швеция "әйелдерге жаппай шабуыл жасауды" тексереді


Швеция премьер-министрі Стефан Лоффен.
Швеция премьер-министрі Стефан Лоффен.

Швеция полициясы жергілікті ақпарат құралдарындағы "билік әйелдерге шабуылдар жасалғаны туралы ақпаратты жасырды" деген даулы мәлімдемеден соң тексеру жүргізетін болды.

Жергілікті БАҚ-та бірнеше жасөспірім қыз өткен жылы тамыз айында болған музыка фестивалінде көпшілігі мигрант еркектердің өздеріне жыныстық бопсалаушылық жасады деп шағымданғаны хабарланған.

Алдын ала болжам бойынша, шамамен 50 шақты күдікті "We are Sthlm" фестивалінде заңға қайшы әрекет жасаған. Фестивальге жыл сайын мыңдаған адам қатысады. 2014 жылы да осы фестиваль кезінде жыныстық сипаттағы қылмыстар жасалғаны хабарланған.

"Expressen" басылымына берген сұхбатында Швеция премьер-министрі Стефан Лоффен болған оқиғаны "зардап шеккен әйелдерге екінші рет сатқындық жасау" деп атады. "Бұл оқиға біздің ойлағанымыздай тексерілмей қалды. Екіншіден, полиция бұл проблема жайлы бізді хабардар етпеді" деді Лоффен.

Швеция қоғамы бұл оқиғалардың Кельнде жаңа жыл түнінде әйелдерге жаппай жасалған шабуылмен байланысты болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG