Accessibility links

БҰҰ: Мадайядан 400 адамды шұғыл эвакуациялау керек


Мадайя тұрғындары гуманитарлық көмек келуін ктіп отыр. Сирия, 11 қаңтар 2016 жыл.

Мадайя тұрғындары гуманитарлық көмек келуін ктіп отыр. Сирия, 11 қаңтар 2016 жыл.

БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жөніндегі үйлестірушісі Стивен О' Брайен Сирияның көтерілісшілер бақылауындағы Мадайя қаласынан 400-ге тарта адамды шұғыл эвакуациялау қажет деп мәлімдеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Дамаск түбіндегі Мадайя қаласындағы жағдай туралы баяндаған Брайен бұл адамдар я аштықтан, я аурудан өліп кетуі мүмкін дейді.

11 қаңтарда гуманитарлық жүк көліктері 40 мың халық тұратын Мадайяға азық-түлік, дәрі-дәрмек, жылы көрпелер мен пана болатын материалдар, сабын жеткізген. Қала өткен жылдың шілдесінен бері үкімет әскерінің қоршауында тұр.

Кейбір мәліметтер бойынша, қала тұрғындары тірі қалу үшін үй хайуанаттарымен қоректенуге, табылған затты талғажау етуге мәжбүр болған.

Гуманитарлық жүк Идлиб провинциясындағы Фуа және Кефрайя қалаларына да жеткізілген. Бұл қалаларда наурыз айынан бері 20 мыңға тарта адам қоршауда отыр.

XS
SM
MD
LG