Accessibility links

Доллар бағамы тағы қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін күндізгі сессияда АҚШ долларының бағамы 4 теңге 99 тиынға қымбаттап, 367 теңге 61 тиынды құрады. Доллар 11 қаңтар күнгі күндізгі сауда сессияндағы бағаммен салыстырғанда 9 теңге 95 тиынға қымбаттаған. Биржада күндізгі сессияда 79 миллион 800 мың доллар сатылған.

Ақша айырбастау орындарында доллар 367-369 теңге аралығында сатылып жатыр.

Доллар бағамының қымбаттауы әлемде мұнай бағасының арзандауымен қатар жүріп жатыр. 11 қаңтарда Brent маркалы мұнай 6,01 пайызға арзандап, бір баррелі 31 доллар 89 центке түстен. Ал АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнай бағасы 31 доллар 38 центке (5,37 пайыз) арзандаған. Мұнай мұндай бағаға соңғы рет 2003 жылы желтоқсанда арзандаған.

XS
SM
MD
LG