Accessibility links

АҚШ: Иран екі әскери кемемізді тұтқындады


АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бен Родес.
АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бен Родес.

Пентагонның мәліметінше, Иран АҚШ-тың екі әскери кемесін тұтқындаған, бірақ Тегеран кеме экипажы жақын уақытта босатылатынына уәде берген.

АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Питер Куктың Associated Press агенттігіне хабарлауынша, кемелер өздерімен байланыс жоғалатын кезде Кувейт пен Бахрейн арасындағы теңізде болған. Кук "Біз Иранмен байланысқа шығып, кеме мен экипаж қайтарылатынына уәде алдық" деді.

АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бен Родес Ақ үйде журналистерге президент әкімшілігі бұл мәселені шешумен айналысып жатқанын және оның оң реттелетінінен үмітті екенін айтты.

XS
SM
MD
LG