Accessibility links

Назарбаев пен Порошенко сауда мәселесін талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефонмен сөйлесіп, екі ел арасындағы сауда-саттықта қалыптасқан ахуалды және Донбастағы жағдайды талқылады. Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев пен Порошенко Ресейдің украин өнімдеріне салған эмбаргосы мен украин тауарларын транзиттік тасымалдауға тыйым салуына байланысты туындаған жағдайды талқылады.

Порошенко Ресейдің мұндай әрекеттері Халықаралық келісімдер құқығы жөніндегі Вена конвенциясын және Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін бұзатынын айтқан.

Назарбаев Қазақстан Украинамен арадағы қолданыстағы екі жақты және көп жақты келісімдерді украин-қазақстан сауда-саттығына қандай да бір зардап тигізбей орындауға дайын екенін білдірген.

Бұдан өзге екі ел басшысы Донбастағы жағдайды, оның ішінде Украинаның оккупацияланған территорияларға халықаралық бітімгерлік контингентін орналастыру жөніндегі ұсынысын талқылаған.

Қазақстан мен Украина президенттері екі ел сыртқы істер министрліктеріне Назарбаевтың алда Украинаға жасайтын сапарына дайындықты бастауды тапсырған.

XS
SM
MD
LG