Accessibility links

ЖСДП төрағасы: Партия сайлауға қатысқаны дұрыс


ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай (оң жақта) мен журналисті Қасым Аманжол. Алматы, 13 қаңтар 2016 жыл.
ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай (оң жақта) мен журналисті Қасым Аманжол. Алматы, 13 қаңтар 2016 жыл.

Оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) парламент сайлауына қатысу жайын партия құрылтайында шешеді деп мәлімдеді бүгін Азаттықта өткен AzattyqLIVE хабарында партия төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Бүгін парламент мәжілісінің депутаттары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан мәжілісті мерзімінен бұрын таратып, жаңа сайлау өткізуді сұрап үндеу жолдаған. Депутаттар жаңа сайлау өткізуді «әлемдегі жүйелік дағдарыспен» және оған қарсы тұру қажеттігімен түсіндіреді.

Жармахан Тұяқбай мәжіліс тарап, жаңа парламент сайлауы белгіленген жағдайда партия сайлауға қатысуы қажет деп санайтынын, бірақ бұл мәселе нақты партия құрылтайында шешілетінін айтты.

XS
SM
MD
LG