Accessibility links

Түркияда "ИМ-мен байланысы бар" 3 ресейлік ұсталды


Стамбулдағы жарылыс болған аумақ. Түркия, 12 қаңтар 2016 жыл.
Стамбулдағы жарылыс болған аумақ. Түркия, 12 қаңтар 2016 жыл.

Түркияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен үш ресейлік ұсталды деп хабарлайды Түркияның Dogan агенттігіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Күдіктілер 12 қаңтарда, Стамбулдың орталығындағы Сұлтанахмет алаңында болған жарылыстан кейін ұсталған. Жарылыстан 10 адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Бірақ агенттік ұсталғандар бұл жарылысқа күдікті деп танылғанын нақтыламайды.

Кеше Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу жарылыс жасаған жанкешті ИМ мүшесі болғанын және Түркияға Сириядан келгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG