Accessibility links

Иран: Ұсталған америкалық теңізшілер босатылды


Иран революция сақшылары корпусы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әли Фадави

Иран революция сақшылары корпусы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әли Фадави

Иран революция сақшылары корпусы Парсы шығанағындағы Иранға тиесілі теңіз аумағына кіргені үшін ұсталған АҚШ-тың 10 әскери теңіз қызметкерін босатқанын хабарлады.

"Олар кешірім сұраған соң ұсталғандардың барлығы Парсы шығанағындағы халықаралық теңіз аймағына босатылды" делінген Иранның мемлекеттік телеарналары таратқан хабарламада.

Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әли Фадави бұдан бұрын америкалық теңізшілер Иран территориялық суларына "навигациялық жүйелеріндегі техникалық ақау туындағаны себебінен кіріп кеткенін" хабарлаған.

АҚШ қорғаныс министрлігі 12 қаңтарда Кувейт пен Бахрейн аралығындағы суларда әскери жаттығу кезінде екі әскери кемесінің бірі Иранға тиесілі территорияға кіріп кеткеннен соң ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG