Accessibility links

Әзербайжанда бағаның өсуі наразылық тудырды


Физули ауданында жиналған наразы тұрғындар. 13 қаңтар 2016 жыл

Физули ауданында жиналған наразы тұрғындар. 13 қаңтар 2016 жыл

Кем дегенде бір елді мекенге Әзербайжан үкіметі әскер жіберіп, толқыған халықты тыныштандыруға тырысты. Наразы жұрт елдің бірнеше қаласында көшеге шыққан. Жуырда ғана Әзербайжанның ұлттық валютасы манат күрт құнсызданып, елдің экономикасы әлсірей түскен еді. Бакудің негізгі табыс көзі мұнай экспорты болып саналады.

Қаңтардың 13-і күні Физули, Ақсу, Агджабеди, Сиязан және Ленкорань аудандарында халық наразылық акцияларын ұйымдастырып, ұн мен нан сияқты ең қажет тауарлар бағасының өсуіне алаң білдірді.

Сиязанда демонстрацияны болдырмау үшін халықтың жолын әскер бөгеді. Куәгерлер Азаттықтың Әзербайжан қызметіне кем дегенде екі адамның ұсталғанын хабарлады.

Ленкорань ауданында да бірнеше адам тұтқындалды. Олардың ішінде оппозициялық AXCP партиясының жетекшісі Назим Хасанлы мен Мусават партиясының өкілі Иман Әлиев те бар. Олар "заңсыз митингіге қатысты" деген айып бойынша бір айға қамалды. Төрт демонстрантқа айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG