Accessibility links

Керри: Иран санкциясы бірнеше күнде жойылуы мүмкін


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иран ядролық келісім бойынша алған негізгі міндеттемесін орындаса Батыс елдері салған экономикалық санкциялар бірнеше күн ішінде алынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Керридің 13 қаңтарда мәлімдеуінше, Иран ауыр сумен жұмыс істейтін Арак реакторын келісім бойынша бірнеше сағат ішінде істен шығаратынын айтты.

"Кеше ғана Иран сыртқы істер министрі маған плутоний жасай алатын реактордың істен шығарылғанын және алдағы бірнеше сағатта ол бетондалып, бұзылатынын айтты" деді Керри.

Оның сөзінше, БҰҰ-ның атом істері жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ) бірнеше бірнеше күнде Иранның келісімдегі міндеттерді орындағанына көз жеткізбек.

Иран 13 қаңтар күні осы апта соңына дейін келісім бойынша міндеттемелерін орындап бітетінін хабарлаған. Дипломатиялық дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters-тің хабарлауынша, МАГАТЭ Иранның келісімді орындағанын 15 қаңтарда растауы мүмкін.

Тегеран бұған дейін келісімдегі басқа міндеттемелері - Фордо және Натанз уран байыту кәсіпорындарындағы центрифугалары санын кәдімгідей азайтып, бірнеше тонна әлсіз байытылған уранын Ресейге жөнелткен.

2015 жылы шілдеде Венада Тегеранның әлемдік алты державамен жасаған келісімі бойынша, Иран ядролық бағдарламасын шектейтін шараларды орындаса, бұл елге салынған халықаралық экономикалық санкциялар алынады.

XS
SM
MD
LG