Accessibility links

Индонезия астанасында бірнеше жарылыс болды


Джакарта орталығында Starbucks кафесі маңына жарылыстан кейін барған полицейлер. Индонезия, 14 қаңтар 2016 жыл.

Джакарта орталығында Starbucks кафесі маңына жарылыстан кейін барған полицейлер. Индонезия, 14 қаңтар 2016 жыл.

14 қаңтарда Индонезия астанасы Джакартаның орталығында бірнеше жарылыс болып, атыс басталды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Кем дегенде алты жарылыс болып, куәгерлердің айтуынша кемінде үш адам қаза тауып, атыс басталған. Жарылыстың бірі Starbucks кафесінде болып, кейін кафеге қауіпсіздік күштері кірген.

"Starbucks кафесінің терезелері сынды. Мен өзім жолда өлген үш адамды көрдім. Мұнда атыс саябырсығанымен, полиция ғимараттың шатырында жүрген бір адамды нысанаға алып жүр" деген Reuters фотографы.

Джакарта полициясының Twitter-де хабарлауынша, жарылыстың бірі қаланың ең үлкен даңғылында орналасқан Sarinah сауда орталығының алдында болған.

Полиция тағы да бомба жарылуы мүмкін деген қауіппен тұрғындарды орталықтан қашық жүруді ескерткен.

Индонезияда бұған дейін исламшыл содырлар бірнеше рет шабуыл жасап, соңғы айларда терроризммен күресетін полиция "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдіктілерді қудалай бастаған.

XS
SM
MD
LG