Accessibility links

Қырғызстанда жанармай бағасы арзандап жатыр


Қырғызстандағы жанармай құю станциясы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы жанармай құю станциясы. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда 2016 жылдың қаңтарында бензин бағасы 0,5-2 сомға дейін арзандады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Қырғызстан мұнай өнімдерін саудалаушылар ассоциациясының мәліметінше, елдің солтүстігінде Аи-95 маркалы бензиннің литрі 0,5 сомға, Аи-92 маркалы бензин бағасы екі сомға арзандаған. Елдің оңтүстігінде бензин бір сомға, дизель отыны екі сомға арзандаған.

Кейбір мәліметтер бойынша, Қырғызстанда жанармайдың көтерме бағасының арзандай бастауы Ресей мұнай өңдеу зауыттарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ұсыныстың артуы және жанармайға сұраныстың азаюы себеп болған. Бұдан өзге, зауыттан шыққан кездегі жанармай бағасы мұнай бағасының арзандауына байланысты төмендей бастаған.

Қырғызстанда жанармай бағасы соңғы бірнеше айда осымен бесінші рет арзандап отыр.

XS
SM
MD
LG