Accessibility links

Түркия "Ислам мемлекеті" позицияларын атқылады


Түркия-Сирия шекарасында тұрған танк. (Көрнекі сурет)

Түркия-Сирия шекарасында тұрған танк. (Көрнекі сурет)

Армиямыз "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының объектілерін атқылады деп хабарлады Түркия.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлуның айтуынша, түрік әскері ақырғы екі күнде ИМ-нің 500 позициясын атып, ол ұйымның 200 адамын өлтірген. Түрік билігі ИМ содырларын шекаралық аудандарынан әрі қуу үшін әуеден де шабуыл жасайтынын айтады.

Түрік әскери-әуе күштері 24 қарашада «Түркия әуе кеңістігін бұзып, ескертулерді елемеді» деген уәжбен Сирияның солтүстік шекарасында Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсіргеннен бері ол маңға ұшақ жібермеген.

12 қаңтарда Түркиядағы Стамбул қаласының орталығында жарылыс болып, кем дегенде 10 адам қаза тапқан,15 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG