Accessibility links

Каспий арқылы жүк тасымалдауда жеңілдік жасалмақ


Ақтау порты. (Көрнекі сурет).

Ақтау порты. (Көрнекі сурет).

Қазақстан, Украина, Грузия мен Әзербайжаның теміржол қызметтерінің басшылары Транскаспий халықаралық транспорттық маршруты бойынша жүк тасымалында жеңілдетілген тарифтерді енгізу туралы келісім жасасты.

Украина инфрақұрылым министрлігіне қарасты "Украина теңіз порттары әкімшілігі" мемлекеттік кәсіпорнының хабарлауынша, жүк тасымалында жеңілдетілген тарифтер белгілеу туралы хаттамаға төрт ел теміржол компанияларының басшылары 14 қаңтарда Бакуде қол қойған.

Хаттамада төрт ел арасында Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдауда "бәсекеге қабілетті жеңілдетілген тарифтерді енгізу, маршрут бойынша пойыздардың қозғалысын жеңілдету, тауар айналымын ұлғайту шараларын жасау" қарастырылған.

Ресей билігі Киевтің Еуропа Одағымен еркін сауда және саяси ассоциация туралы келісімге қол қоюына жауап ретінде қаңтардың басында Украинамен тауар тасымалына эмбарго салған.

Украина билігі бірер күн бұрын эмбаргоға байланысты 15 қаңтардан бастап Ресей территориясын айналып өтіп, Грузия мен Әзербайжан территориясы арқылы Қазақстанға тауар жөнелте бастайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG