Accessibility links

Australian Open жарысының жеребесі тартылды


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

18 ақпанда басталатын Grand Slam санатына енетін Australian Open жарысының жеребесі тартылды.

Қазақстандық Зарина Дияс (әлемнің 52-ракеткасы) бірінші айналымда Мэдисон Кизбен (17) кездеседі. Ал Ярослава Шведова алғашқы матчын болгариялық Цветана Пиронковамен өткізеді. Егер Дияс пен Шведова бірінші қарсыластарын жеңсе екінші айналымда бір-бірімен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (78) әлемнің 18-ракеткасы Каролин Возняцкимен ойнайды.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин (63) бірінші айналымда португалиялық Жоау Соузомен (33) кортқа шығады.

Australian Open 31 қаңтарда аяқталады. 2015 жылы бұл жарысты әйелдер арасында Серена Уильямс (АҚШ) пен ерлер арасында Новак Джокович (Сербия) жеңіп алған.

XS
SM
MD
LG