Accessibility links

АҚШ: Иран суларындағы оқиға қателіктен болды


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер бірер күн бұрын Иранның территориялық суларында болған оқиға навигациядағы қателіктен туындаған деп мәлімдеді. Иран 12 қаңтарда АҚШ әскери-теңіз күштерінің теңізшілері мінген екі катерді Иран территориялық суларына кіріп кеткен соң тұтқындаған.

"Олардың өздері және командирлері берген ақпаратқа қарағанда, теңізшілер Иран суларына навигация жүйесіндегі қателіктен өтіп кеткен" деді Картер Fusion телеарнасына берген сұхбатында. Картер америкалық теңізшілер бұл қателік туралы қолбасшыларына ұсталған күні хабарламағанын да айтты. "Шамасы, олар бұл жағдайды ирандық катерлермен кездесіп қалғанда түсіндірмек болған сияқты. Бұл жағы әзірге белгісіз" деген Картер.

Иран жағы америкалық әскери теңізшілерді ұсталған күннің ертесінде, 13 қаңтар күні АҚШ тарапы кешірім сұрағаннан кейін босатқан.

XS
SM
MD
LG