Accessibility links

Арменияда доңыз тұмауынан 11 адам көз жұмды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Армения билігі доңыз тұмауы (H1N1) ауруынан елде соңғы екі айда 11 адам көз жұмғанын хабарлады.

Армения денсаулық сақтау министрі Армен Мурадянның 15 қаңтарда мәлімдеуінше, 14 қаңтарда H1N1 вирусын жұқтырған 61 жастағы әйел қайтыс болған. Бұл - доңыз тұмауынан көз жұмған 11-науқас.

Мурадянның сөзіне қарағанда, қазір Арменияда бірнеше медициналық орталықтағы арнайы бөлімдерде доңыз тұмауы симптомдары байқалған 92 адам емделіп жатыр. Ол бұлардың 11-інің жағдайы нашар екенін айтады.

Ал Армения білім және ғылым министрі Армен Ашотян H1N1 вирусы тарала бастауына байланысты мектептерде қысқы каникул бір аптаға - 25 қаңтарға дейін ұзартылғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Анахит Хайтаян 14 қаңтарда доңыз тұмауынан көз жұмғандар саны эпидемиялық көрсеткішке жетпегенін айтқан.

14 қаңтарда Украина денсаулық сақтау министрі Александр Квиташвили доңыз тұмауынан елде 50-ден астам адам қайтыс болғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG