Accessibility links

Германия Ресей министріне виза бермей қойды


Ресей ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев.

Ресей ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев.

Берлин Еуропа одағы (ЕО) салған санкция тізіміне енген Ресей ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачевке Германия аумағына кіруге виза беруден бас тартты. Осыған байланысты Ресей ауыл шаруашылығы министрлігі Берлинде «Жасыл апта» деген тақырыпта өтетін аграрлық көрмеге ресейлік ресми делегацияның қатысуы мүмкін емес деп мәлімдеген.

Ресей ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдемесінде Берлиндегі көрме кезінде министрлер деңгейінде халықаралық көпжақты шаралар, соның ішінде ғаламдық аграрлық форум мен ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңейтілген құрамдағы кездесуі өтеді деп жоспарланғаны айтылған.

Былтыр желтоқсан айында Еуропа одағы Ресейге қарсы салынған экономикалық санкциялар мерзімін тағы алты айға – 2016 жылғы шілденің соңына дейін ұзартқан. Оны ұзартуға, ЕО өкілдерінің пікірінше, Ресейдің Шығыс Украинадағы жанжалды бейбіт реттеу туралы Минск келісімдерінің талаптарын орындамай, сепаратистерді белсенді қолдап отырғаны себеп болған.

Ресей мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG