Accessibility links

Джакартадағы терактіге күдікті 12 адам ұсталған


Индонезия полициясы Джакартадағы терактіге күдіктілердің ізіне түсті. Джакарта, 14 қаңтар 2016 жыл.

Индонезия полициясы Джакартадағы терактіге күдіктілердің ізіне түсті. Джакарта, 14 қаңтар 2016 жыл.

Бүгін Индонезия полициясы Джакартада жасалған террорлық шабуылға қатысы бар деген күдікпен ұсталған 12 адамның арасында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының ақшасымен терактіні қаржыландырған адам бар деп хабарлады.

Индонезия полициясы шабуылға ИМ-ның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бөлімшесі – «Катибах Нусантара» тобын тікелей айыпты санайды. Полицияның мәліметі бойынша, бұл топ Индонезияның басқа қалаларында да терактілер жасауға дайындалған.

Сенбі күні шабуыл барысында қаза тапқан бес күдіктінің бәрінің аты-жөні жарияланды. Олардың біреуі бұған дейін жаттықтыру лагерінде содырларды дайындауға қатысқан деген айыппен сотталып, түрмеден 2015 жылы босап шыққаны айтылады.

Джакартада 14 қаңтарда жасалған террорлық шабуыл салдарынан 2 адам мерт болып, 30-ға жуық адам жараланған.

XS
SM
MD
LG