Accessibility links

Буркина-Фасода кепілден 126 адам босатылған


Буркина-Фасо қауіпсіздік күштері содырлар басып алған Splendid қонақ үйі жанында тұр. 15 қаңтар 2016 жыл.

Буркина-Фасо қауіпсіздік күштері содырлар басып алған Splendid қонақ үйі жанында тұр. 15 қаңтар 2016 жыл.

Буркина-Фасо астанасы Уагадугу қаласында Splendid қонақ үйін қарулы содырлардан босату операциясы аяқталып, қарулы топ кепілде ұстаған 126 адам азат етілген. Шабуыл жасағандардың үшеуінің көзі жойылған.

Ел билігінің мәлімдеуінше, үкімет күштері қонақ үй мен оның жанындағы кафеге шабуылдаған содырларға қарсы операцияны франциялық арнайы жасақтың қолдауымен жүргізген. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан 18 елден келген 23 адам қаза тапқан. Тағы 33 адам жараланған.

Бұл шабуылға жауапкершілікті «Мағрибтік ислам елдеріндегі Әл-Қаида» экстремистік тобы мойнына алған.

Кейбір хабарларға қарағанда, Splendid қонақ үйі жанындағы тағы бір мейманханаға шабуыл жасалған. Биліктің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері содырлар жасырынған болуы мүмкін деген күдікпен төңіректегі қонақ үйлерді тексеріп жатыр.

Splendid қонақ үйіне әдетте БҰҰ қызметкерлері мен еуропалық елдерден барған туристер түседі.

XS
SM
MD
LG