Accessibility links

АҚШ Донбастағы жағдай бейбіт жолмен шешіледі деп үміттенеді


АҚШ мемлекеттік департаментінің санкциялар жөніндегі үйлестірушісі Дэниел Фрид.

АҚШ мемлекеттік департаментінің санкциялар жөніндегі үйлестірушісі Дэниел Фрид.

АҚШ мемлекеттік департаментінің санкциялар жөніндегі үйлестірушісі Дэниел Фрид Ресейге қатысты санкциялар «Минск келісімдері жүзеге асқан жағдайда, нақтырақ айтқанда, Донбаста сайлаулар өткізіліп, әскери іс-қимылдар тоқтатылғанда және Украинаның шығысындағы шекара қалпына келтірілген кезде» алынып тасталады деп мәлімдеді.

15 қаңтарда Вашингтондағы Америка универститетінде сөйлеген Фрид қазіргі кезде Ресейдің Донбастағы жағдайды дипломатиялық реттеуге ниеті бар деген пікірімен бөлісіп, оны 2016 жылы іске асыруға болады деп үміттенетінін білдірді.

АҚШ мемлекеттік департаменті жұма күні Калининград түбінде шығыс Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде Минскіде жасалған келісімнің орындалуын талқылаған АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд пен Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурковтың кездесуін «конструктивті» деп атаған.

Сурков Нуландпен өткізген кеңесулер «тыңғылықты, конструктивтік әрі пайдалы» болғанын айтқан. «Бұл Минск келісімдерін жүзеге асыру үшін ымыраға келуге жол іздеудің өзіндік ой-талқысы болды» деген Ресей президентінің көмекшісі.

XS
SM
MD
LG