Accessibility links

АҚШ пен Иран тұтқындарды қамаудан босатты


Иран түрмеден босатқан қос азаматтығы бар адамдар. Оң жақтан екінші – "Вашингтон пост" газетінің журналисі Джейсон Резаян.

Иран түрмеден босатқан қос азаматтығы бар адамдар. Оң жақтан екінші – "Вашингтон пост" газетінің журналисі Джейсон Резаян.

Иран сенбі күні түрмеден төрт тұтқынды босатты, олардың арасында америкалық «Вашингтон пост» газетінің тілшісі Джейсон Резаян да бар. Иран мен АҚШ азаматтығы бар журналист «тыңшылық жасаған» және «мемлекетке қарсы насихат жүргізген» деген айыптар бойынша Иран түрмесінде бір жылдан аса уақыт қамауда болған.

Өзге үш тұтқын да Резаян сияқты АҚШ пен Иран азаматтығына ие. Олар – бұрынғы теңіз жаяу әскері Амир Хекмани, пастор Саид Абедини және кәсіпкер Сиамак Намази. Олардың барлығы Тегеран мен Вашингтон арасындағы тұтқын айырбастау туралы келісімге сәйкес босатылған болып саналады.

Өз кезегінде АҚШ президенті Барак Обама АҚШ және Иран азаматтығына ие үш адамды – Бахрам Мекэник, Турадж Фариди және Хосроу Афгахиге рақымшылық жариялап, оларды қамаудан босату туралы шешім қабылдаған. Олардың бірінің адвокаты Reuters агенттігіне бұл үш адам Тегеранға қарсы салынған санкцияны бұзған деген айыппен істі болғанын айтқан.

АҚШ билігі бұл жолғы шешімін әдеттегі «тыңшы-тұтқындар» айырбасы емес, гуманитарлық қадам деп атаған.

АҚШ пен Иран аталған тұтқындарды Тегеранға салынған халықаралық санкцияның алынатыны туралы ресми мәлімдеме жасалар алдында түрмеден босатқан.

XS
SM
MD
LG