Accessibility links

Австрия Шенген келісімі күшін уақытша тоқтатты


Германия билігі Австрияға кері қайтарған мигранттар. 12 қаңтар 2016 жыл.

Германия билігі Австрияға кері қайтарған мигранттар. 12 қаңтар 2016 жыл.

Австрия ел аумағына келіп жатқан босқындар ағынына байланысты Шенген келісімінің күшін уақытша тоқтата тұруға шешім қабылдады. Бұл туралы Австрия канцлері Вернер Файман мәлімдеген.

Оның сөзінше, Еуропа Одағы сыртқы шекарасын қорғауға қабілетсіз болып отырған кезде Шенген келісімінің тиімділігі күмән туғызады. Файман әр ел өз шекарасын бақылауды өзі қолға алуы тиіс деп санайды.

Österreich газеті Вернер Файманның берген сұхбатын жексенбі, 17 қаңтардағы санында жариялаған. Австрия канцлері бұдан былай ел аумағына тек босқын құқығына ие болғандар мен Германияға кері қайтарылмайтын адамдар ғана келе алатынын хабарлаған. Австрия үкіметі жетекшісі миграциялық дағдарыс бүкіл Еуропа көлемінде шешімін табады деген үміт білдірген.

XS
SM
MD
LG