Accessibility links

Роухани: Иранға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды


Иран президенті Хассан Роухани.
Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани өз еліне салынған халықаралық санкциялардың алынғанын құптап, Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша әлемдік жетекші елдермен жасалған келісімнің арқасында Иранның бүкіл әлеммен қатынасын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атап өткен.

Бүгін Иран парламентінде сөйлеген Роухани бұл құжат ұлттық экономикаға бетбұрыс әкелетінін мәлімдеген. Ол сонымен бірге, мұнай кенішіне бай елді мұнайдан түсетін қаржыға тәуелді болып қалудан сақтандырған.

Роуханидің сөзінше, Тегеран санкциялардың алынып тасталуымен келетін жаңа мүмкіндіктерді елді дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге пайдалануы тиіс.

16 қаңтарда Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Иран үкіметі ядролық бағдарламасына қатысты былтыр шілдеде жасалған келісім бойынша мойнына алған халықаралық міндеттемелерін орындағаны туралы жария еткен. Сол күні Еуропа Одағы Иранға қатысты салынған барлық экономикалық және қаржы санкциялары алынатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG