Accessibility links

Қазақстан жүзден аса пайдалы қазба нысанын саудаға қоймақ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Астанада биыл маусымның 15-16 күндері өтетін халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында әлеуетті инвесторлар арасында барлау және өндіру жұмыстарын жүргізу үшін жүзден аса нысан саудаға шығарылатын екінші аукцион ұйымдастырылады. Бұл туралы Қазақстанның инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеген.

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығын беретін алғашқы аукцион былтыр желтоқсанда өткізілген. Бәсеке саудаға қойылған 49 нысанның 18-і пайдалы қазба өндіруге, 31 – барлау жұмыстарын жүргізуге арналған. Олардың 22-і алтын кеніші, 16 – түрлі-түсті металдар, 9 – сирек кездесетін металдар және 2 – асыл тастар кеніші болатын. Аукционға барлығы 190 өтініштің иелері қатыстырылған.

XS
SM
MD
LG