Accessibility links

Бішкек қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау жобасын мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан үкіметі қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасы туралы Тәжікстанмен келісім жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, тараптар шекара желісінің жартысынан көбіне делимитизация жүргізетін болады деп хабарлады бүгін Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Хабарламада келісім жобасы 15 қаңтарда Бішкекте үкімет мәжілісінде мақұлданғаны айтылған. Жобада қамтылған қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының бөлігі 519,9 шақырымды құрайды. Ал екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 971 километрге тең.

Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Аалы Қарашевтің айтуынша, «бұл мәселе екі ел президенттерінің арқасында қозғалған». Оның сөзінше, 2013 жылы 27 мамырдағы үкіметаралық деңгейдегі келіссөздерден соң 519,9 шақырымдық шекара желісіне қатысты екі тарап келісімге келген. 2015 жылы 19 қарашада Бішкекке Тәжістан делегациясы келген кезде өткізілген үкіметаралық комиссия кездесуінде жобада аталған 519,9 шақырым шекара бөлігін делимитациялау туралы құжаттарға қол қою жөнінде шешім қабылданған.

XS
SM
MD
LG