Accessibility links

Украина билігінде жүргендер Грузия азаматтығын жоғалтуы мүмкін


Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының басшысы Михаил Саакашвили.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының басшысы Михаил Саакашвили.

Грузияның экс-президенті, қазірде Украинаның Одесса облысын басқаратын Михаил Саакашвили сияқты, қазір Украина үкіметінде қызмет атқарып жүрген адамдарды Грузия билігі азаматтықтан шығаруы мүмкін. Бұл туралы Украинадағы Грузияның төтенше және өкілетті елшісі Михаил Уклеба мәлімдеген.

«Главком» сайтына берген сұхбатында Уклеба Саакашвили тәрізді «қазір өзге тұлғаларға қатысты да шаралар жүргізіліп жатқанын» айтқан.

«Грузия конституциясында елдің азаматы, егер қандай да бір сіңірген еңбегі үшін шетел азаматтығы берілген жағдайдан басқа кездері өзге елдің азаматы бола алмайтыны нақты көрсетілген. Азаматтық беру және одан айыру процедурасы жазылған «Грузия азаматтығы туралы» тиісті заңда Грузия азаматы бірнеше жағдайда, соның ішінде, егер өзге елдің азаматтығын қабылдайтын болса, грузин азаматтығын жоғалтатыны анық көрсетілген» деп мәлімдеген Уклеба.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили былтыр көктемде Украина президентінің жарлығымен Одесса облысының губернаторы болып тағайындалардан бір күн бұрын Украина азаматтығын алған. Сондай-ақ, Грузияның тағы бірқатар азаматтары Украина билік орындарында қызмет атқарады.

XS
SM
MD
LG