Accessibility links

Бағдадта үш америкалық жоғалды


Ирак картасы. (Көрнекі сурет).
Ирак картасы. (Көрнекі сурет).

АҚШ пен Ирак Бағдадта жоғалған үш америкалықтың қайда екенін анықтауға тырысып жатыр. "Әл-Арабия" телеарнасы бұған дейін содырлар үш америкалықты ұрлап әкетті деп хабарлаған. "Біз Ирак билігімен жоғалған адамдарды іздеуде тығыз жұмыс істеп жатырмыз" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби. Аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасаған телеарна оқиға Бағдадтың солтүстігінде болғанын хабарлады.

Ирак полициясының аты-жөнін атамауды сұраған полковнигі Associated Press агенттігіне үш америкалық пен бір ирактық аудармашыны әскери киімдегі адамдар ұрлағанын айтқан. Иракта көпшілігі шиит жасақтарынан тұратын ерікті көтерілісшілер "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарында соғысады. Олар да кісі өлтірді, адам ұрлады деп жиі айыпталады.

XS
SM
MD
LG