Accessibility links

Австралия Ауғанстандағы әскерін көбейтпек


Ауғанстанда қауіпсіздік миссиясын атқарып жүрген австралиялық сарбаздар. (Көрнекі сурет).
Ауғанстанда қауіпсіздік миссиясын атқарып жүрген австралиялық сарбаздар. (Көрнекі сурет).

Австралия премьер-министрі Малькольм Тернбулл Ауғанстан астанасы Кабулге сапарында Австралия бұл елдегі әскер санын арттыратынын мәлімдеді.

Тернбуллдың айтуынша, Австралия Ауғанстанға қауіпсіздік миссиясын атқаратын қосымша 20 сарбаз жөнелтіп, бұл елдегі әскер санын 270-ке жеткізбек.

Бірер күн бұрын Тернбулл АҚШ президенті Барак Обаманың Австралияны Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы соғыста әскер санын көбейту туралы өтінішін қабылдамай тастаған.

Тернбулл Таяу Шығыс пен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін 18-19 қаңтарда Вашингтонға бармақ.

Австралия Ауғанстандағы 12 жылға созылған қауіпсіздік операцияларында 41 сарбазынан айырылған.

XS
SM
MD
LG