Accessibility links

Falcon9-дың алғашқы бөлігі теңізге сәтсіз қонды


Канаверал мүйісінен Falcon9 зымыран тасығышының ұшырылуы. (Көрнекі сурет).
Канаверал мүйісінен Falcon9 зымыран тасығышының ұшырылуы. (Көрнекі сурет).

Америкалық SpaceX компаниясының Falcon9 зымыран тасығышының алғашқы бөлігі Тынық мұхитында орналасқан теңіз платформасына сәтсіз қонды. Зымыран тасығышты ұшырудың өзі және әлемдік мұхит суларына бақылау жасайтын еуропа-америкалық ғылыми спутникті орбитаға шығарудың өзі ғарыштық зымыран мен кеме жасайтын жекеменшік компания үшін үлкен жетістік болды.

Ұшуды басқару орталығының хабарлауынша, Falcon9 зымыранының алғашқы бөлігінің қалыпты жағдайда қайтып оралуына оның Сан-Диегодан батысқа қарай 200 миль қашықтықта теңізде орналасқан қону платформасына жанасу кезінде тік бағытынан айырылып қалуы кедергі болған.

Кейбір ақпараттар бойынша, зымыранның бірінші бөлігі тік бағытта тұруы тиіс төрт тіреудің бірі сынып кеткен.

Falcon9 Лос-Анджелестен солтүстік-батысқа қарай орналасқан Вандерберг базасынан жергілікті уақытпен жоспарлы сағат 10:42-де ұшырылған. Зымыран бөліктерінің ажырауы қалыпты түрде өткен. Екінші бөлігі орбитаға Jason-3 спутнигін шығарған.

Бұған дейінгі зымыран тасығыштың алғашқы бөлігін Атлант мұхитында қалықтап жүрген платформаға қондыруға жасалған үш әрекеттің екеуі сәтсіз болған.

Желтоқсанда Канаверал мүйісінде зымыранның алғашқы бөлігін тік бағытта қондыру мүмкін болған. Сол күні зымыран орбитаға бірнеше спутник шығарған. Жоспар бойынша, 17 қаңтар күні ұшырылған Jason-3 жиырма жыл бойы әлемдік мұхит суларының деңгейін өлшеп, үздіксіз бақылау жасап тұрады.

XS
SM
MD
LG